Отандық лоукостер тағы да жеңілдік жариялады

0
50

«FlyArystan» әуе компаниясы халықаралық және Қазақстан ішіндегі рейстерге тағы да жеңілдік жариялады. Мұндай билеттерді 8-11 шілде аралығында сатып алуға болады. Бірақ, саяхат мерзімі 2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 21 желтоқсан аралығында болуы тиіс. Науқан аясында Қазақстан ішіндегі рейстерге билет құны 7 мың теңгеден, ал халықаралық бағыттар бойынша 25 мың теңгеден басталады. 

«Жеңілдікпен ұсынылған тарифке салмағы 5 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгі (өлшемдері – 56×23×36 см) және борттағы кездейсоқ орын кіреді. «FlyArystan» сапарларды барынша қолжетімді ету мақсатында әуебилеттерге тұрақты түрде түрлі жеңілдіктер ұсынады», – делінген хабарламада.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here