Ұлттық тестілеу орталығы шекті балдарды жариялады

0
597

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балдарын жариялады.

Шекті балдар биыл өзгерген жоқ:

  • «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары – кемінде 75 балл;
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кемінде 70 балл;
  • «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл;
  • ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек;
  • әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап академиялық еркіндік шеңберінде ЖОО-лар ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы.

«Мысалы, бір түлек математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен грант конкурсына немесе ЕҰУ-дың ақылы бөліміне тапсырғысы келеді. Сіздер білетіндей, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл. Түлектің жинаған балы оқуға қабылдау үшін жетіп тұр. Алайда, бұл университеттегі оның оқығысы келетін мамандыққа шекті балл 90-нан басталады. Демек, түлекке 80-нен төмен шекті балдары бар басқа университетті іздеу керек. Сондықтан оқуға құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер жоғары оқу орындарының шекті балдарын білуі тиіс», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі жақын уақытта жарияланады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here