Сенат төрағасы Иранның Қазақстандағы елшісімен кездесті

0
300

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Сұхбат барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Иран Қазақстанның ислам әлеміндегі жан-жақты ынтымақтастық орнатылған жақын серіктестерінің бірі екенін айтты. Сондай-ақ Палата Спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы Иранға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай серпін бергенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Қазақстан парламентаралық байланысты одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты және елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан кешенді реформаларға назар аударды.

Сондай-ақ ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне жеке тоқталып, Иранның дін көшбасшыларын биыл күзде өтетін Съезд Хатшылығының мерейтойлық отырысына қатысуға шақырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here