«Түрік тілі және мәдениеті» апталығы басталды

0
2797

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулдығы жанындағы Түркия Республикасы білім министрлігіне қарасты білім елшілігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 наурызында жыл сайын өтетін дәстүрлі «Түрік тілі және мәдениеті» апталығының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы А.Р.Акынджы, Нұрсұлтан қаласындағы Түркия Республикасының елшілігі жанындағы Білім жөніндегі кеңесші А.Четин, Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулдығы жанындағы білім кеңесшісі М.Ағырман, факультет деканы Ықтияр Палтөре, кафедра меңгерушісі Үміт Қыдырбаева қатысты. Джерен Кабадайы модераторлық қызмет атқарды.

«Түрік тілі және мәдениеті» апталығының мақсаты студенттердің алған білімдерін шыңдай отырып Түркияның тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиетін кеңінен насихаттау.

Апталықтың алғашқы күні, ұйымдастырушылар мен студенттердің, қонақтардың презентациялары көрсетілді. Нуреттин Чакыр апталықтың маңызы туралы сөз сөйлеп өтті. Сондай-ақ, Ақнұр Халел «Оқы, оқы және оқы» атты түрік тілінде оқу байқауын хабарлады.

Апталық барысында, арнайы спикерлер түрлі тақырыпта дәрістер оқылады: Илкер Селимлер «Эбру – су өнері»; Эльмира Монтанай өз шәкірттерімен «Түркияның өркениеті»; Нуреттин Чакыр «Түркілер туралы»; Серхат Сұрал «түрік музыкасы туралы». 

Апталықтың бірінші күнгі байқау қорытындыларын 19 наурыз күні жабылу салтанатында жариялайтын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here