Абай күнінде «Достық» орденімен кімдер марапатталды?

0
342

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:

II дәрежелі «Достық» орденімен:

Америко Эдельсио – Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы (Бразилия Федеративтік Республикасы);

Ганем Халед Ас-Саид – Уақыптар министрлігінің департамент директоры (Мысыр Араб Республикасы);

Кибар Зафер – жазушы (Түркия Республикасы);

Кошут Леонард – әдеби редактор (Германия Федеративтік Республикасы);

Манн Джейн – Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі);

Мәжит Ақбар – жазушы (Қытай Халық Республикасы);

Пряхин Георгий Владимирович – Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті (Ресей Федерациясы);

Пуиг Мария Санчес – Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры (Испания Корольдігі);

Хачатрян Шушан – Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы (Армения Республикасы);

Хуанчжан Ха – аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы (Қытай Халық Республикасы);

Шатқам Қажымұхамет – жазушы (Иран Ислам Республикасы).

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз, № 379

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here