Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жақындады

0
221

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы 1 тамызда Қазақстанда халық саны 18 767,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 049,0 мың (58,9%), ауылдықтар – 7 718,5 мың адамды (41,1%) құрады. 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам) және Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында қалыптасты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here