Болашақ заңгерлерді даярлау туралы сотпен Меморандум жасалды

0
1858

Кеше, 20 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев пен Алматы қаласы Медеу аудандық №2 аудандық қылмыстық сотының төрағасы Айгүл Маликова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар болашақ заң мамандарын даярлау және оқыту, болашақ заң кадрларын бакалаврлармен және заң ғылымының магистрлері ғылыми кадрларын оқыту, сот кадрлары мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысу және болашақ заңгерлер мен ғылыми кадрлар үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде жан-жақты көмек көрсетуге өзара келісімге келді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here