Киноорталықтың комплаенс қызметінің жұмысы туралы

0
1156

Сыбайлас жемқорлық күрделі және көп қырлы проблема, оған қарсы іс-қимыл кешенді және үйлестірілген түрде жүзеге асырылуы тиіс. Қыркүйек айының басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті жалғастыру қажеттігін тағы да атап өтті және бейінді агенттіктерге жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге енгізуді тапсырды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіп, атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, республиканың барлық облыстарында әкімдіктермен бірлесіп, мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіретін өзіндік көпірге айналған «Adaldyq alańy» бірыңғай брендімен өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер құрылған.

Президенттің айтуынша, істерді жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы трансформация мен парасаттылық барлығымыз үшін мызғымас стандартқа айналуы тиіс. Бұл туралы өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында да көрсетілген. Осы құжатқа сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын, қолданылу практикасы халықаралық деңгейдегі корпоративтік секторда кеңінен дамыған құрылымдық бөлімшелер айқындалуы тиіс.   

Комплаенс қызметі дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтердің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Комплаенс қызметі – ресми мәртебесі, барлық қажетті ақпаратты алуға қол жеткізу құқығы, комплаенс-бақылау саласындағы қажетті сарапшыларды тарта отырып, әлеуетті бұзушылықтар бойынша ішкі тергеу жүргізу құқығы бар ұйымдағы тәуелсіз бөлімшелер. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметкерлері өз пікірін білдіру және тәуекелдерді бақылау процесінде алынған бұзушылықтарға қатысты мәліметтерді беру үшін алқалы органға тікелей қол жеткізе алуы тиіс.    

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер – бұл агенттіктің жергілікті жерлердегі комиссарлары, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың көп деңгейлі жүйесін табысты іске асыруды қамтамасыз ете отырып, реттеуші және қадағалау органдарының барлық санаттарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Киноорталықтағы жағдай қандай?

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы квазимемлекеттік сектордың субъектісі болып табылады, оның миссиясы – кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау.

ҰКҚМО қызметінің бір түрі – ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, бұл сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім. Сондықтан Киноорталық өзінің алғашқы күнінен бастап отандық киноиндустрияны дамытудың жаңа панорамасын жасауға бағыт алды, оның негізінде фильмдерді ұлттық деп тануға арналған ашық питчингтер – конкурстар өткізу және оларды кейіннен мемлекеттік қаржыландыруға шығару жатыр. Бүгінде фильмдерді мемлекеттік қаржыландыру туралы шешім Сараптама кеңесінің қорытындысы мен Ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде қабылданады. Киноорталық пайда болғаннан кейін фильмдерді бюджеттеу жүйесінің өзі түбегейлі өзгерді. ҰКҚМО басымдықтарының негізінде прокат көшбасшылары мен еңбек сіңірген кино қайраткерлерін қолдау ғана емес, сонымен қатар дебюттік, анимациялық және авторлық кино сияқты бағыттарды дамыту жатыр.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қайталануын болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында ҰКҚМО Басқарма Төрағасы Есетжан Қосыбаевтың бұйрығымен ағымдағы жылдың наурыз айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы» құрылды. Топтың негізгі міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу, корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту.  

Корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін қолдану мақсатында ҰКҚМО-да комплаенс-бақылау функциясы енгізіліп, іске асырылуда, оның мақсаты комплаенс-тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл жұмысты іске асыру басшыдан және бас комплаенс-бақылаушыдан тұратын Комплаенс қызметіне жүктелген, оның құзіретіне  Киноорталық қызметінің ҚР заңнамасының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылауды жүзеге асыру кіреді. Комплаенс қызметі сонымен қатар алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне жауап береді.

«Бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы – тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тәуелсіз комплаенс қызметтерінің тиімді қызметі болып табылады», – деп атап өтті «ҰКҚМО» КЕАҚ комплаенс-қызметінің басшысы Марат Камзолдаев.

Комплаенс қызметі мамандарының негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау. Бұл ретте, ең маңызды басымдығы — бұл профилактика. Ал квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік стандарттарды сақтау осы ұйымдардың басшылары үшін басты нәрсе болуы тиіс.  

ҰКҚМО лауазымды тұлғалары мен персоналы арасындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері, олардың тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын, компанияның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу туралы хабарламаларды adaldyqalany@kazakhcinema.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Жақын арада ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жүгінуге болатын «жедел» желіні құру жоспарлануда. Киноорталықтың ресми сайтында барлық қажетті ақпарат қолжетімді болатын арнайы бөлім ашылады.    

«Бұл шаралардың барлығы, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілету үшін қолайлы орта құруға бағытталған», – дейді «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев. Біз Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының комплаенс қызметі ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу құралы ретінде тиімді болатынына сенімдіміз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here