Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» конференциясы өтті

0
1046

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде маңыздылығы жоғары шараға Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің меңгерушісі Айгүл Байдебекқызы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Байдебекқызы, Ситуативный казахский методикасының авторы Қанат Тәсібеков, филологтар, тарихшылар-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Ассамблея мүшелері қатысты. Сондай-ақ, форумда мемлекеттік тілде сөйлейтін өзге ұлт өкілдері өздерінің қазақ тілін үйрену тәжірибесімен бөлісті.

Атап өту керек, екі жыл бұрын Ассамблеяның ұйытқы болуымен республикалық деңгейде   аталмыш форум өткен болатын. Оған Қарағанды облысының Жаңғыру жолы жастар қозғалысының белсенділері, мемлекеттік тілді меңгерген жас этностар қатысып қайтқан еді.

Онлайн кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын   Елбасымыздың: «Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады. Ана тілінде  бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі қаттаулы жатыр. Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас», деген сөздерімен бастады. «Мемлекеттік тіл қасиетті тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, яғни бабалардан аманат болып келе жатқан күмбезді тілімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің заманымыздың үлесінде.  Мемлекеттік тілдің дамуы жолында қазақ халқының әр перзентінің атқаратын қызметі мен қосатын үлесі зор. Өйткені, тіл мәселесі өте маңызды мәселе, біріншіден, тіл – өзімізді ұлт ретінде сақтаудың қорғаны, екіншіден, барлық қазақстандықтарды біріктіруші ортақ байлығымыз. Қазақстан тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық», – деді және қатысушыларға сәттілік тілеп, алғыс білдірді.

Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова  «Қазақтілді кеңістіктегі жаңа графиканың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, өзге этнос өкілдеріне тілді оқыту төңірегінде ой бөлісті.

Өз кезегінде Е.Бөкетов атындағы университет оқытушысы, Тіл жанашыоры Наталья Еременко: Қазір тіл үйренуге не кедергі   және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолдары қандай деген мәселелер төңірегінде ой өрбітті.  Сондай ақ, «Мемлекеттік тілдің мәртебесін заң тұрғысынан қарастыру» атты баяндамасын жасады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here