ҚазҰПУ студенті әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
1885

Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді. Жәмила Бақбергенова Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенті.

Әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 2012 жылдан бері алғаш рет әлем біріншілігінің финалына шықты. Жәмила Бақбергенова (жеке бапкері Қайрат Сағадиев) күрес түрлерінен Ослода өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені салды. Бақбергенова финалда жеңіске жеткенде әйелдер күресінен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық балуан болар еді.

Бақбергенова мен жапониялық Масако осыған дейін екі рет белдесіп, екеуінде де жапониялық балуан жеңіске жеткен. Қазақстандық балуан 2020 жылғы Азия чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here