Алаш Орданың аймақ тарихындағы маңызы туралы конференция өтті

0
1140

СҚО Жамбыл ауданының Пресновка ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығын орындау аясында «Солтүстік Қазақстан және Алаш құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқандар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы; Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай,  Абай Тасболатов – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Сәуле Таикешева – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орынбордағы өкілділігінің төрағасы, «Тіл жанашыры» республикалық конкурсының лауреаты (Ресей Федерациясы); Мәмбет Қойгелдиев – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Сабыр Қасымов – «Қаһармандар» РБФ президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мемлекеттік комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты; Виктор Козодой – тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей Федерациясы); Дихан Қамзабекұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Зарқын Тайшыбай – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры және басқа ғалымдар.

Конференцияны ашқан СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов кезінде кеңестік тоталитарлық әкімшілік-командалық жүйенің құрбандары болған адамдарды толық оңалту бүгінгі ұрпақтың парызы, осындай жазықсыз құрбандардың қатарында – Алаш қайраткерлерінің қайғылы тағдыры бар екендігін тілге тиек етті.

Халықаралық конференция барысында мемлекеттің аумақтық тұтастығын сақтау мәселелері, отандық тарихтағы ұлы тұлғалардың мұрасы, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайту жолындағы Алашорда қайраткерлерінің тарихи және жасампаз рөлі туралы ғылыми ізденістер кеңінен талқыланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here