Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

0
261

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.

Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші – 15.533. Ал, қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here