«Тәуелсіздік жұлдыздары» қалалық балалар ән фестивалі ұйымдастырылды

0
1141

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайы «Тәуелсіздік жұлдыздары» атты балалар әндерінің қалалық фестивалінің Гала-концентрі өтті.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері – дарынды балаларды анықтау және қолдау, балалардың шығармашылық өзін-өзі көрсетуі үшін жағдай жасау, Отансүйгіштік, Отанға, тарихқа, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

«Вокалдық ән айту – орындаушылық қызмет түрлерінің бірі. Бұл балалардың әншілік мәдениетін дамытуға, олардың жалпы және музыкалық дамуына, рухани әлемді тәрбиелеуге, олардың дүниетанымын қалыптастыруға, болашақ тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді» – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Фестиваль 5 жастан 8 жасқа дейін және 9 жастан 14 жасқа дейін екі жас санатында өткізілді.

Фестивальге «Айша» және «Болашақ» балабақшаларының тәрбиеленушілері, сондай-ақ, №1 және №3 мектеп-гимназиясының, №1 Красный Яр орта мектебінің және №12 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here