Ғылым декадасы -2022 математика, физика және информатика институтында

0
1064

Жыл сайын 12 сәуірде ғылым қызметкерлері күні атап өтілетіні белгілі. Осы кәсіби мерекеде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің математика, физика және информатика институтында 2022 жылдың 4-14 сәуір аралығында Ғылым онкүндігі-2022 өткізілді.

Жыл сайын біздің ұжымның ғылыми әлеуеті артып келеді, институт бірқатар бағыттар бойынша ғылыми еңбектерімен кеңінен танымал, ғылыми мектептер құрылды, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуде, халықаралық байланыстар дамуда.

2021 жылдың қорытындысы бойынша институттың профессор-оқытушылары п.ғ.д., профессор А. Сагимбаева, ф-м.ғ.к., асс. профессор Н. Искакова, п.ғ. к., доцент С. Конева «ЖОО үздік оқытушысы-2021»  атағына ие болды, ал ф.-м.ғ.д., профессор А. Бердышев және п.ғ.д., профессор Ж. Нурбекова «Үздік ғылыми қызметкер-2021» атағына ие болды. Институт қызметкерлері ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша 2021 жылы 3 патент және 4 авторлық куәлік алып, ғылыми мақалаларын танымал журналдарда жариялады. Біз өз ісіне берілген және ғылымның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.

Біз үшін маңызды мақсаттардың бірі жастар үшін ғылымның тартымдылығын арттыру болып табылады. Бұл күндері біздің институтта ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, кездесулер, экскурсиялар және басқа да бірқатар іс-шаралар өткізіледі, онда ғалымдар мен студенттер өздерінің өнер табыстары мен ғылыми еңбектерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Ғылым декадасы аясында инситуттың білім алушылары үшін танымал ғалымдармен кездесулер өткізілді. У.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры профессор А. К. Тулешов, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (Ресей) профессоры  В. Гриншкун, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары Ж.А.Токибетов,М.Б. Төлегенова, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар бойынша шетелде білім алған және тағылымдамадан өткен жас ғалымдар ғылым жолындағы жетістіктері мен жаңалықтарды таныстырып өтті.

Институттың студенттері концерттік бағдарлама, сондай-ақ «Ғажайып математика» челленджін іске қосты. Педагогикалық STEM-парк, Bilimlab-цифрлық ресурстар орталығына экскурсия өткізілді. Білім алушылар «ФизМат көшбасшылары» интерактивті зияткерлік ойынына және студенттерге арналған «ROBOTIME stories» викторинасына қатысып, өздерінің ғылымға деген қызығушылықтарын көрсетті. Институт білім беру бағдарламаларының студенттері арасында робототехника бойынша «ROBO TIME-2022» жарысы, «Қызықты физикалық эксперимент», «Үздік ғылыми жоба» байқаулары өткізілді. Аталған іс-шаралардың мақсаты студенттердің танымдық, зияткерлік және шығармашылық бастамаларын жандандыру және дамыту, идеяларды іс жүзінде іске асыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Сондай-ақ, «Салауатты өмір салты-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен футболдан турнир өтті.

Ғылым декадасының қорытындысы бойынша іс-шараларға қатысушылар мен жарыс жеңімпаздары сыйлықтар, дипломдар, грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Абай атандағы ҚазҰПУ-нің Математика, физика және информатика институтының директорының міндетін атқарушы Ш. И. Хамраев

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here