«Болашағы жарқын – Маңғыстау жастары» форумы өтті

0
858

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласында TEDx форматында қала, ауыл жастарымен кездесу өтті. Спикерлер ретінде Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, актер, продюсер, вайнер Айдар Каримбаев, аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан чемпионы Шыңғыс Қайранов және «Каспий» баскетбол клубының жетекшісі, музыкант Самсон Аракелян қатысты.

Кездесу барысында спикерлер жастар өзін-өзі қалай дамыту керек, еңбек нарығындағы сұраныс, кәсіпкерлікке қажетті дағдылар, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану т.б. мәселелер туралы айтты.

«Вайнды» қалай түсіру керек, блогер болу оңай ма деген сұрақтарға Айдар Каримбаев жауап берсе, спорттың адам өміріне пайдасы жөнінде Шыңғыс Қайранов тоқталып өтті, музыканың түрлі бағыттары туралы Самсон Аракелян түсінік берсе, Нұрдәулет Қилыбай мемлекеттік басқару саласындағы еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуге қатысқан студенттер спикерлерге түрлі сұрақтар қойды. Шара өте қызықты әрі әсерлі өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here