Жансейіт Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты хабарлама

0
773

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректоры Ж.Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін келесіні хабарлаймыз:

06.01.2022 ж. Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын кешкі сағ. 18.35 минут шамасында Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.  

Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here