Бітімгерлік даярлық орталығының нұсқаушылары ағылшын тілінің курсынан өтіп жатыр

0
372

Сабақтарды «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері ұйымдастырды.

Бітімгерлік даярлық орталығының офицер-нұсқаушылары курс барысында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің заманауи тәжірибелерімен және жаңа тәсілдерімен танысады.

Курстың бағдарламасы ауызша және жазбаша тапсырмаларды әзірлеуді, презентацияларды, аудио және видео материалдарды дайындауды, аудиториямен жұмыс істеудің түрлі әдістерін зерделеуді және тағы басқаларды қамтиды.

Барлық материалдар орталықтың одан әрі кәсіби қызметінде пайдаланылады және қазақстандық бітімгершілік контингентпен сабақ өткізу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Нұсқаушы-офицерлер курсы 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. Тыңдаушыларға Кембридждік оқытуды басқару жүйесінің (CLMS) сертификаттары беріледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here