Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

0
311

Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here