Бұрын жабылып қалған облыстарды қайта құру, оларға ұлтқа жақын есімдермен атау беру арқылы тарихи әділеттілікті орнатамыз. Өз Жолдауында Президенттің көптен бері жұрттың көкейінде жүрген осы мәселелерді қозғауы қуанарлық жағдай.
Енді:
- Семей аймағында Абай облысы құрылып, Семей қаласы – жаңа облыстың орталығы болады;
- Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы құрылып, Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы атанады;
- Алматы облысы екіге бөлініп, өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады;
- Алматы облысының орталығы – Қапшағай қаласы, Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласы болады;
- Жаңа облыстың орталығы атанатын Қапшағай қаласына Қонаев есімін беруді Президент қолдайды.
Мемлекеттің дамуы әрбір азаматтың жауапкершілікті сезінуден және оның жауапты болуынан басталады. Оған деген сенім – күрделі әлеуметтік феномен. Халық саясаткерлерге әртүрлі түсінікте сенім артады. Бүгінгі таңда әлеуметтік зерттеулер мен түрлі талдаулардың Президентке деген сенім рейтингтері Парламент, Үкімет, әкімдер корпусы, партиялар мен қоғамдық ұйымдарға қарағанда салмақтылығын көрсетіп отыр. Бүгінгі Жолдаудан Президенттің осы сенімді ақтауға күш жұмсап жатқандығын байқадық!