Жолдауды жүзеге асырудың Жалпыұлттық жоспары қабылданды

0
383

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұсынған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Жоспар 10 негізгі бағыт бойынша 36 тармақтан тұрады.

Жалпыұлттық жоспардың бірінші кезектегі іс-шараларының қатарында «Президенттің өкілеттіктері туралы», «Өкілді билік тармағын қайта құру», «Сайлау жүйесін жетілдіру», «Құқық қорғау институттарын күшейту», «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам рөлін нығайту», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру», «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру» және басқа да тармақтар қарастырылған.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, алдағы маңызды саяси реформаларды жүзеге асыру үшін Президенттің өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет.

Қазақстан заңнамасында әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің партиядан міндетті түрде шығуы туралы ереже енгізіледі. Сондай-ақ, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының бағыттарының бірі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын құру, жазаның бір түрі ретінде өлім жазасын Конституциядан алып тастау, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін және оның Конституциялық сотқа жүгіну құқығын конституциялық регламенттеу мен кепілдігін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жалпыұлттық жоспардың оныншы бағыты аясында қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылауға және төмендетуге, көлік-логистикалық тізбектердегі алшақтықты қысқартуға, сыртқы сауда қызметін қолдауға және ынталандыруға, экономика салаларын қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған Дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленетін болады.

Отырыста сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған міндеттерге толық сәйкес келетінін және барлық келісу рәсімдерінен өткенін атап өтті. 

«Аталған жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», – деді Әлихан Смайылов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here