Тбилиси қаласында Абайға ескерткіш орнатылды

0
236

Грузия астанасында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды. Оның ашылу салтанатына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

«Бұл екі ел арасындағы достығымыздың тағы бір нышаны болары сөзсіз. Абай мұрасы тек біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін зор құндылық болып табылады. 2020 жылы біз Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Көрсетілген осынау құрмет үшін Грузия үкіметі мен халқына алғыс айтамын», – деді Қайырбек Өскенбаев. 

Тбилисиге жұмыс сапарымен барған министр Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті. Келіссөздер барысында көлік, ақпараттық технологиялар және инновациялар саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары сияқты маңызды мәселелер қозғалды.

Айта кетейік, 2021 жылы Абай Құнанбайұлының есімі Тбилиси көшелерінің біріне беріліп, Ұлы ойшылдың өлеңдер жинағы алғаш рет грузин тілінде жарық көрген болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here