Әскери міндетін өтегендерге қандай әлеуметтік қолдау болады?

0
1116

Қазақстанда шұғыл әскери міндетін өтеуге қызығушылықты арттыру мақсатында бірқатар шара қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әскер қызметі саласында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның ішінде шұғыл әскерге қызығушылықты арттыру да бар. Атап айтқанда, несиесі бар шұғыл әскери міндетін өтеушілерді төлемнен уақытша босату, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау сынды шаруалар атқарылады. Сонымен қатар, білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Одан бөлек, әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар», – деді Сұлтан Камалетдинов.

Вице-министрдің айтуынша, шұғыл әскери міндетін өтушілердің білім алуына ерекше мән берілмек. Осы орайда министрлік еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша оқытады. Оның қатарында трактор жүргізушісі, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі сияқты мамандықтар бар. Осылайша, жастар әскери міндетімен қатар, сұранысқа сай мамандықты да меңгеріп шығады. Білімді міндетін өтеп жатқан әскери бөлім және әскери оқу орталықтарында алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here