Елімізде қандай мобильді аударымдар табысқа жатады?

0
162

Қазақстанда 15 сәуірден бастап кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын қадағалау туралы Қаржы министрінің бұйрығы қолданысқа енгізіледі. Тексерудің бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары қамтылады.

2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады деп көзделуде:

I кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) – мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы;

II кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы;

III кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы;

IV кезең (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаттары.

Қаржы министрінің 29 наурыздағы бұйрығымен жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүзеге асырылатын операцияларды кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлері бекітілді. Құжат бойынша бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here