Иті мен мысығын тіркемегендер 30 мың теңге айыппұл арқалайды

0
890

Наурыз айынан бастап иелері үй жануарларына бағасы 6-7 мың теңге тұратын чип орнатуға міндеттелді. Ал, тиісті жерде тіркемегендер айыппұл арқалайды.

ҚР Экология министрлігінің мамандары жануарларға орнатылатын чиптің олардың қайда жүргенін тез анықтауға көмектесетінін айтады. Шприц арқылы салынатын сұйықтық тері мен ет арасында тұрады. Оны жануар иесі өз қаражатына орнатады. Иесі жайлы ақпарат беретін құрылғыдан бөлек тағы болюстер арқылы орнатса болады.

«Министрлік үй жануарларын есепке алу ережелерінің жобасын әзірледі. Оның шеңберінде ит пен мысық міндетті есепке алынатын жануарлар түріне жатады. Ал, үй жануарларының басқа түрлеріне келетін болсақ, оларды тіркеу ерікті түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, төрт түлік мал, яғни ауыл шаруашылығы жануарларына жататын болғандықтан экология министрлігінің құзыретіне кірмейді», – деді ҚР Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Баспасөз хатшысы Мақсат Насыр.

Айта кетейік, Қазақстанда  жануарларды тіркеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Оларды иелері бір жыл ішінде чиптеуі керек.  2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап чип орнатылмаған жануар иесіне 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here