Өңірлердегі мұғалім тапшылығын шешетін жаңа бағдарлама

0
1037

Елімізде мұғалімдер тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама қолға алынды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сенсек, мұғалімдер тапшылығы және білім сапасы нашар өңірлер мәселесі Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облысына қатысты болып отыр. Аталған аймақтарда математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті және шетел тілі мұғалімдері жетіспейді. Мәселені шешу үшін министрлік педагогтерге арналған арнайы байқау жариялап отыр. Қажетті құжаттар тізімі өңірлік білім басқармалары және НЗМ-нің (Назарбаев зияткерлік мектебі) ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжат қабылдау 2022 жылғы 26 маусымға дейін жүреді.

«Мұғалімдер осы бағдарламаға қатысып өз бағын сынай алады. Бағдарламаға тәжірибелі ұстаздармен қатар оқуды енді бітірген жас мамандар да өтінім бере алады. Жоғарыда аталған 4 өңірде үйлестіру кеңесі құрылды. Бағдарламаға қатысушы ұстаздар алдымен өз пәні бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңге өткендер 350 сөзден тұратын эссе жазуы керек. Екі кезеңнен сәтті өткен мұғалім соңғы әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу ZOOM платформасы арқылы сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылады», – деп нақтылады Гүлмира Кәрімова министрліктің «Oqu-ağartu LIVE» жобасының тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысушы мұғалім барлық тапсырманың 60 пайызын сәтті орындаған жағдайда жолдама алады. Ал, ұстаздар сынақты өңірлердегі Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады.

Комитет басшысының айтуынша, бағдарлама бойынша жеңімпаз атанған мұғалімдердің жалақысы 150 пайызбен төленеді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отбасылы ұстаздарды орналастыру, балаларын мектепке беру секілді мәселелер де шешіледі. Маман тапшы және білім сапасы нашар өңірлерге баратын педагогтермен 5 жылдық келісімшарт жасалады.

Жауапты мамандардың байланыс дерегі мен құжат тапсыруға арналған электрондық мекенжайлары

Өңір Call-орталық Call-орталық үшін жауапты маман Құжат тапсыру мекенжайы
Алматы облысы 8 (7282) 32 94 16
8 (778) 265 28 77
8 (747) 502 85 38
Төлеубекова Арайлым Ақсубайқызы almustaz@mail.ru
Атырау облысы 8 (7122) 35 43 27
8 (700) 088 01 51
8 (775) 974 21 89
Айдарханова Надежда Талғатқызы arnauly_atyrau@mail.ru
Маңғыстау облысы 8 (7292) 57 12 16
8 (747) 728 02 90
Төленжанова Назым Дәуренқызы m.kuzhatkabyldau@mangystau.gov.kz
Түркістан облысы 8 (7253) 35 94 37
8 (707) 684 71 00
8 (776) 165 83 83
Тасполатова Салтанат Бақытқызы Sanat.obl@mail.ru

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here