«Міржақып. Оян қазақ!» телехикаясының түсірілімі басталды

0
1059

Былтыр Ахмет Байтұрсынұлы туралы телехикаяны көрермен назарына ұсынған, Әлихан Бөкейхан туралы телехикая түсіріп жатқан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы жақында Міржақып Дулатұлының өмір жолындағы айтулы оқиғаларға негізделген тарихи телехикаяның түсірілімін бастады. Тарихи туынды Алаш қайраткерінің өмірі, шығармашылығы мен саяси күресі жайында сыр шертеді.

«Биыл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бес тарихи телехикая түсіреді. Олар Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Дина Нұрпейісова, Қорқыт тұлғасына арналған телехикаялар және ең ауқымдысы 6 бөлімнен тұратын осы «Міржақып. Оян қазақ!» телехикаясы. Өндіріске қатысты болсын, шығармашылық процестерде болсын біздің мамандар жыл сайын жаңа мектептен өтіп, шыңдала түсуде. Өзіміз үшін биыл тағы бір жаңа тәжірибе енгіздік. «Міржақып. Оян қазақ!» телехикаясын спинофф жоба ретінде ұсынғалы отырмыз. Өткен жылғы «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясындағы актерлер ойнайды, сондағы кейбір оқиғалар жаңадан өрбиді. Яғни, бұл тарихи туындыдағы Ахмет те, Әлихан да, бас кейіпкер Міржақып та көрермен үшін жақсы таныс болады», – деді «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Бүгінде 6 бөлімнен тұратын телехикаяның түсірілім жұмыстары басталды. Негізгі түсірілім Алматы қаласы, Алматы мен Қостанай облыстарында жүргізіледі. Міржақыптың рөлін актер Бақыт Қажыбаев сомдайды, ал жары Ғайникамал рөлінде актриса Зарина Кармен. Телехикаяның сценарийін Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалым және Ұшқын Сәйдірахман жазған. Режиссері – Мұрат Есжан, продюсері – Айсәуле Әбілдаева. Телехикаяда Әлихан Бөкейхан рөлін Бауыржан Қаптағай, Ахмет Байтұрсынұлын Байғали Есенәлиев сомдайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here