Жұмыстан шығып қалғандарға төленетін жәрдемақы артады

0
881

Президент әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтілетінін, бұл қадам осындай жағдайға тап болған жандарға септігін тигізіп, қызметке тезірек оралуына мүмкіндік беретінін айтты.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бұл тапсырманы орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері орта есеппен 13%-ға артады.

Қолданыстағы заңнама бойынша жұмыстан босатылып және жұмыссыз ретінде тіркелгендер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты жұмысынан айырылу бойынша 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлем жоғалған табыстың 45% дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін артады. Демек, 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің табысы өседі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here