Өрттен зардап шеккендер үшін барлығы 91 үй салынады

0
703

Жұма күні Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, Әулиекөл ауылында алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.

Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсының ауданы – 100 шаршы метр. Сондай-ақ, үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне (10 сотықтан) барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы жүргізіледі. Үйлерге апарар жолдарға асфальт төселеді. Барлық қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлген.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте 13 мердігерлік ұйым құрылыс жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда барлық үйлерге арнап қазаншұңқырлар қазылды, 55 учаскеде іргетас құйылып, екеуінде іргетас блоктарын орнату аяқталды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша алаңда орнатылған бейнекамералардың арқасында құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here