Қазақстанның батысында барлаушылардың екіжақты оқу-жаттығуы өтуде

0
716

«Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде «Бейнеу» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспановтың басшылығымен барлау бөлімшелерінің екі жақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Оқу-жаттығудың екі жақты сипаты дегеніміз, қарама-қарсы барлау бөлімшелерінің шартты шабуылдаушы мен жауынгерлік қорғаныс топтарының құрамындағы іс-қимылын білдіреді.

Барлау бөлімшелері барлау-жауынгерлік және барлау-іздестіру іс-қимылдарын жүргізу міндеттерін орындайды.

– Жауынгерлік даярлық бойынша барлық іс-шаралар Мемлекет басшысының Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Екі жақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларда барлау бөлімшелері әртүрлі жауынгерлік іс-қимылдар жасай отырып, командирлер мен жеке құрамды даярлаудағы толық үйлесімді әрекетті қамтамасыз етеді, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов.

Маневрлер барысында қарсыластың ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларын қолдануын ескере отырып, қорғаныс және шабуылдау іс-қимылдарын жүргізу кезінде барлау бөлімшелерінің күндізгі және түнгі іс-қимылдары пысықталады.

Оқу-жаттығуда барлаушылардың шартты қарсылас объектілеріне авиация соққыларын, артиллериядан бағыттап оқ атуды және атысты реттеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here