Мұхтар Алтынбаев Қарасу ауылының тұрғындарымен кездесті

0
461

«Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халық Қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев Қостанай облысының Қарасу ауданына барды.

Мұхтар Алтынбаев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, педагогтармен, кәсіпкерлермен, спорт жаттықтырушыларымен, жастармен және оқушылармен бірқатар кездесулер өткізді.

Ол мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің мұғалімдерімен кездесті. Оқу орнының директоры Айгүл Арынғазина қарасулықтар үшін қазақ тілінде білім беретін мектептің ашылуы жергілікті тұрғындар үшін маңызды екенін айтты. Қонақты оқушыларға білім беру және дамыту үшін жасалған шарттармен де таныстырды.

Мұхтар Қапашұлы қарасулықтарға «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын ұсынғанын хабарлады. Ол Мемлекет басшысының демократиялық бастамаларын, заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын бекітуге бағытталған дәйекті саясатын атап өтті. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы көтерілген бастамаларды, реформаларды түбегейлі іске асыру үшін жалпыхалықтық қолдау қажет.

Халық Қаһарманы Жеңіс саябағы мен «Жеңіс» орталық стадионына барды. Спорттық нысанда Мұхтар Алтынбаев жас футболистермен және жеңіл атлеттермен әңгімелесті. Әскер, Отан алдындағы борыш жайлы сөз қозғалды. Ардагер балалардың спортқа деген құштарлығын мақұлдап, бұл олардың дамуы мен жеке қалыптасуына негіз болады деді.

– Отанды сүйіңдер, әскерде қызмет етуге және елді қорғауға әркез дайын болыңдар, – деді жастарға Мұхтар Қапашұлы.

«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылған саябақта да болды. Ондағы көрнекті орын – Еңбек ерлері аллеясы. Мұнда ол әкімдіктің өкілдерімен, кәсіпкерлермен және Қарасу ауылдық округінің белсенділерімен әңгімелесті. 

Өз кезегінде аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Қажиев пен оның сайлау органы бойынша әріптесі аудандық аурухананың бас дәрігері Владимир Голубев Қарасу ауылының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларымен бөлісті.

«Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚМ баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here