Мәдениет және ақпарат министрлігі мен CNN арасындағы ынтымақтастық дамып келеді

0
817

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық Азия мен Африкадағы CNN өкілі Сайед Имран Ахмадпен кездесті. Тараптар медиа, телевизиялық журналистиканы дамытуға, тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталған екіжақты ынтымақтастықты дамыту  перспективаларын талқылады.

Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистер үшін өзара тағылымдамалар ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Сайед Имран Ахмад CNN халықаралық имиджі мен құндылығын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді науқан аясында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар өзекті бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here