Президент мемлекеттік тілден неге емтихан тапсырмайды?

0
158

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ҚР президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистика комиссиясында мемлекеттік тілден емтиханды неліктен тапсырмайтынын түсіндірді.

«Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы келесі мерзімге қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген республика Президентіне қолданылмайды», – деп жауап берді тілшілердің сұрағына Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, лингвистика комиссиясының өкілдері Қазақстан президенттігіне үміткер кандидаттардың мемлекеттік тілден тапсырған емтиханының қорытындысын жариялады. Бұған дейін құжат тапсырған 12 кандидаттың 8-і мемлекеттік тіл сынағынан өтіп, барлығы қазақ тілін еркін меңгергенін растады.

«Қазақстан президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссияның құрамына көрнекті лингвист ғалымдар, профессорлар, академиктер, филология ғылымдарының докторлары енді және ішінде филология ғылымының бір кандидаты бар. Комиссия мүшелері алқалы талдау өткізіп, содан кейін ғана шешім қабылдады. Емтихандар әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, тең құқылы негізде жүзеге асты. Кандидаттардың емтиханға дайындалуына, комиссия алдында жауап беруіне қажетті жағдай жасалды», – деді лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here