Енді студенттер 2-3 пайыздық несие ала алады

0
619

Студенттер 2023-2024 оқу жылынан бастап оқу ақысын төлеу үшін банктен 2-3 пайыздық кредит ала алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік Қазақстанда бұрын қолданыста болған қаржыландыру және несие беру модельдерін қарастырып жатыр. Студенттер несиені өз атына екінші деңгейлі банктерден рәсімдей алады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі аз несие берілетінін айтқан еді.

«Оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен несиелер де берілетін болады. Көрсетілген шаралар жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ, қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here