Қызылжар жастарының құқық қорғау органдарына деген сенімін қалай арттырамыз?

0
689

Қызылжар (Петропавловск) қаласында ҚР Ұлттық ұлан академиясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның құқық қорғау органдарына деген сенімі туралы сөз болды. Себебі, өскелең ұрпаққа құқық қорғау органдарына деген сенімділігін арттыру өте маңызды саналады.

Иә, аталған академияға қала колледждерінің студенттері мен курсанттары жиналды. Жастардың құқықтық сауаттылығын және олардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру кездесудің басты мақсаты болды.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі бас маманы Елена Скакунованың айтуынша, жастардың құқықтық сауаттылығы туралы қазірден бастап айту керек. Өйткені, олардың құқықтары мен міндеттері сақталуы тиіс. Бірақ, ол оларды қалай жүзеге асырады және қылмыстар жасалған кезде, осы сәттерде бәрі өзін қалай қорғауды біле бермейді. Мұндай сәттер құқықтық сауатсыздықтан туындайды екен.

Кездесуде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов жастарға олардың қызметі ашық және барлығына қолжетімді екенін түсіндірді. Олар әлеуметтік желілерді белсенді дамытуда. Ал, сыбайлас жемқорлықтың жау екенін қазіргі жастар да жақсы біледі.

Міне, осылайша «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс ұйымдастырған кездесуде «Қызылжар жастарының құқық қорғау органдарына деген сенімін қалай арттырамыз?» деген сұраққа жауап іздеді.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here