Төрт пайыздық автонесие 20 қарашадан бастап қайта беріледі

0
679

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 20 қарашадан бастап қайта іске қосылады. Қазір мамандар онлайн өтінім қабылдайтын арнайы порталдың жұмысын пысықтап жатыр. Өтінім беру алгоритмі таяу күндері белгілі болады. Бұл туралы Kolesa.kz порталы хабарлады.

Аталған автонесие бұрын берілген несие қайтарымынан түскен қаражат есебінен беріледі. Сондықтан бұл жолы көп өтінім қабылданбайды. Қаражат таусылған соң портал жабылады да, бір айдан кейін қайта қосылады. Ол ашылатын күнді оператор алдын ала хабарлайды.

Айта кетейік, 1 қыркүйекке дейін банктер 13 307 несие мақұлдап, 11 мың көліктің кілтін иелеріне табыстады. Ақшаның револьверлік жолмен қайтуы жыл сайын 7,7 млн теңгелік – 1 858 көлік, 10 млн теңге тұратын 1 430 көлік алуға мүмкіндік береді. Осылайша, 30 жылда елімізде 60 мыңға жуық жеңіл көлік жаңарады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here