Кандидаттар арасында бірінші болып таңдауын Жигули Дайрабаев жасады

0
317

Қазақстан президенттігіне ниетті алты кандидаттың арасында бірінші болып таңдауын Жигули Дайрабаев жасады. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған кандидат таңғы 7:00-де Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан №396 сайлау учаскесіне барды. Оның қасында жұбайы, балалары және туыстары болды.

Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев кандидат ретінде тіркелді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here