Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректер бойынша сағат 18.05-ке дейін тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,85 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Айта кетейік, азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 20.05-те берілетін болады. Ал, азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.