Бүгінгі сайлауда ТМД-ның 8 елінен 174 байқаушы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясының төрағасы Сергей Лебедев айтты.
«Миссия құрамында ТМД елдерінің танымал парламентарийлері, Орталық сайлау комиссияларының басшылары, қоғам қайраткерлері, ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері, ТМД Парламенттік ассамблеясының мүшелері бар», – деп нақтылады Сергей Лебедев.