Балаларды 2 жастан бастап алатын балабақшаларға қолдау көрсетіледі

0
179

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында Қазақстанда балабақша жұмысын жүргізуде қандай өзгерістер болатынын айтты. Министрдің сөзінше, Президент тапсырмасы бойынша енді балаларды 2 жастан бастап балабақшамен қамтуға көңіл бөлінеді.

«Бұған дейін мемлекеттік дотация тек 3-6 жастағы балаларды қамту үшін берілетін. Ол үшін балабақшаларда жаңа орындарды ашу жоспарда бар. Келесі жылдың өзінде биылмен салыстырғанда орын 2,5 есеге көп ашылады», – деп түсіндірді министр. 

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балабақшаға баратын балалар бюджет қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтылатынын тағы еске салды.

«Бұл ерекше маңызға ие бастама. Ата-аналар әлеуметтік қиын жағдайына байланысты балабақшадағы тамаққа төлейтін ақшалары болмағандықтан, баланы кезекке де қоймайды, балабақшаға да бармайды. Енді Президенттің тапсырмасына сәйкес 150 мыңнан астам бала тамақпен қамтамасыз етіледі. Ол өз кезегінде баланың одан әрі дұрыс дамуына, болашағына ықпал етеді», – дейді Асхат Қанатұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here