Студенттердің шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады. Бұл туралы Үкімет кулуарында informburo.kz тілшісіне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін ЖОО студенттерінің стипендиясы 2 есеге ұлғайтылады. 2026-2030 жылдар аралығында тағы да көбейтуді жалғастырамыз. 2030 жылға дейін тағы екі есе артады», – деді Саясат Нұрбек.