Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар…

0
1722

Қазіргі таңдағы «Бойымен емес, ойымен жарысатын» заманда байырғы қазақ даласындағы ұлы тұлғаларды ұлықтай отырып, ұрпаққа аманаттаған құндылықтарды сақтаумен қатар, білім мен ғылымға құштар жастарды қолдау басты назарда болып отыр. Қазақ қоғамындағы ағарту саласын басты орынға қою байырғыдан бері тоқтаған емес. XIX ғасырда хакім Абай Құнанбайұлымен замандас, қазақ халқын ағарту мәселесінде ойлары мен пікірлері үйлесім табатын ғалым Ыбырай Алтынсарин:

«Өнер білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып жұмғанша

Жылдам хабар алғызды…

Мал істейтін жұмысты

Отпен суға түсірді…» – деп, жас буынға білімге деген құштарлығын ояту мақсатында жырлаған өлеңінен, сол заманда оқу-ағартудың орынының бөлек екенін айшықтап көрсеткен. Бүгінде жас ұрпақты сапалы білім мен ұлттық құндылықтарға баулу, талантты да өнерлі, қабілетті жастарды болашақта ұлттың ұйытқысы болуға баулу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес.

Әлем бойынша білім-ғылымға ден қоя отырып, адами капиталды дамыту да елімізде өз әлеуетінше іс атқаруда. Соның ішінде, өз үлестерін қосып келе жатқан жоғары оқу орындары арасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті ұлттың үмітін арқалап, ұстаздық жолды таңдаған жас буындарға жол бастаушы шам шырақ болған қазақ оқу- ағартуының  «Қара шаңырағы» екендігі баршаңызға аян.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 7 институтында бакалавр, магистратура, докторантура  білім беру бағдарламалары бойынша 13 479 білімгер білім алатын университет педагогикалық сала бойынша Қазақстан Республикасы бойынша 1-ші орындағы оқу орны. Халқымыздың «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын…»  деп айтқанындай, аталмыш жоғары оқу орынның 2017 жылдан бергі жаңа белестерге көтерілуі университет ұжымы мен п.ғ.д. профессор ректор Балықбаев Такир Оспанұлының еңбегі десек артық айтпаған болар едік.

Такир Оспанұлы университетімізге басшылыққа келгеннен бастап, тәжірибесі мол әйгілі ғалымдардан тәжірибе жинақтаумен қатар, жас кадрларды тарту, жастарға басымдылық беру, өнер, білім-ғылым сапасын арттыруды қолдауда оң өзгерістер алып келді. Такир Оспанұлының университет бойынша бастамасындағы іс-шаралардың бәрін қамтып айта алмаспыз. Дегенмен де, өнерге деген құрметі мен қолдауы Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттеріне қуаныш сыйлады. Институт тарихында тұңғыш рет 2017-2018, 2018-2019 жылдардағы оқу жылында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, іс-тәжірибелік дағды мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында әр жыл сайын дәстүрге айналған 2 рет табиғат аясында сурет жазу бойынша «Үздік пленэр» конкурсына ректор сыйлығын жариялап, жүлдегерлерді қомақты сыйақы және дипломдармен марапаттады. Бұл үрдіс алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Өнер саласындағы жас мамандардың біліктілігін арттыруды баса назарда ұстап, Шет мемлекеттерде тәжірибе жинақтау мақсатында халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға жан-жақтылы қолдау білдіріп отырды. Сонымен қатар, ӨМжСИ директоры Тоққожа Мұқажанұлының және ұжымның бастамашылдығында 2019 жылы институтымыздың 50 жылдық мерейтойына орай оқу ғимараттарын толықтай жаңартудан өткізіп, студенттерге жайлы заманауи үлгідегі оқу ғимаратын жасауға қолдау білдірді.

«Жемқорлықсыз университет» аясында 2020 жылы 29 қаңтар – 4 ақпан аралығында «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Рысымбетов Ержан мен оқытушы Ырыстанұлы Базардың ұйымдастыруында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысумен өткен «Жемқолық – суретшілер көзімен» плакаттар байқауына қолдау білдірдіп студенттермен ашық әңгімеде болды.

Өнер саласындағы қолдаулар әр кезде тоқтап қалған емес. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай «Көркем білім» және  «Дизайн» кафедрасының студенттеріне шығармашылық қызығушылықтарын арыттыру, ұлттық құндылыққа толы ойларды жаңа заманауй өнермен ұштастыра отырып, ұлы тұлғаны ұлықтау, білім алушылардың Абайдың алуан қырлы рухани эстетикалық адами құндылықтарға тәрбиелейтін туындыларды жасау мақсатында «Art street» бағыты (Университет ғимараттарының ішкі немесе сыртқы қабырғаларына заманауй көркемдік суреттер бейнелеу) бойынша байқау жарияланып отыр. Бұл да болса, университеттің өнер саласындағы студенттерді барынша қолдаудың бірден бір мысалы. Сонымен қатар университе білімгерлерінің әлеуметтік  және т.б. шарт-жағыдайын жақсатру мақсатында білімгерлерді жатақхана өмірімен танысып, алаңсыз білім ауда жетіспейтін жатақхана орындарын толықтаға  тың бастамалар көтеріп, мүмкіндіктерді қарастыруда.

Такир Оспанұлының ең жақсы қасиеттерінің бірі жастармен ашық бүкпесіз қарым-қатынаста болуы. Өткізген әр іс-шара барысында мүкіндігінше ертерек келіп, студенттермен емен-еркін хал сұрасып, пікір алмасуы. Санатты ордадағы салмақты кездесулердің береуі «Еститін үкімет» саясатын жандандыру негізінде «Еститін университет» ортақ алаңын қалыптастырып жас мамандармен университеттің білім сапасын көтеру, тәрбиелік құндылықтарды арттыру мақсатында еркін пікір алмасу өткізіп тұруы, жас мамандардың бойына сенімділік пен жауапкершілікті ұялатады.

Такир Оспанұлының ұжыммен, жас мамандар, студенттер, ата-аналар, халықпен тығыз байланыста болып, қазіргі маңызды мәселенің бір болған білім саласында ой ортақтастырып, қарапайымдылықпен қатар, ізеттілігімен өнегесін, атқарған еңбегінің аз бөлімін тілге тиек еттік.

Хакім Абай:

 «Ақыл керек, іс керек, мінез керек,

Ер ұялар іс қылмас болса зерек…» деп айтқандай, қазақ қоғамына ұрпақтың ұлағатты, сапалы біліммен сусындап, сардар тұлға болып қалыптасуына, адами капиталды дамтуды негізгі мақсаты еткен, өнер жанашыры Такир Оспан ұлының еңбегін елемесек жастық арымызға сын болар.  Такир Оспанұлы жайлы жазылған деректер жағымсып жағаттану емес , еңбегін халық бағалап сарапттаудан туған ой.

Дана халқымыз «Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар, 
Жақсы менен жаманның аспан мен жердей парқы бар»  – деп, айтқандай елдің алқауына бөленіп, білім-ғылымның дамуына үлес қосар, халқына еңбек етер азамат Такир Оспанұлына сенім мол.

Абай атындағы Қаз ҰПУ,

Өнер, мәдениет және спорт институты,

 «Көркем білім» кафедрасының

оқытушысы, п.ғ.м.,  Ырыстанұлы Базар

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here