ҚазҰУ-да жаңа коммерцияландыру орталығы құрылады

0
1180

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев механика-математика факультетінің жағдайымен танысу барысында барлық ғылыми-зерттеу жобаларды жетілдіру мақсатында университетте жаңа коммерцияландыру орталығы құрылатынын айтты. Бұл туралы университеттің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта ғылым саласындағы басым бағыттардың бірі әлемдік ғылым кеңістігіне кірігу болып табылады. Ғылыми-зерттеулер мен дамуды алға жылжытудың ең тиімді құралы – бұл ғылыми қызмет нәтижесін көрсету. Осы тұрғыда біздің ұстаз-ғалымдарымыздың жаңа ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін өндіріске енгізіп, оларды әлеуметтік желі және БАҚ құралдары арқылы насихаттауымыз қажет. Мәселен, ол жобаларды жүзеге асыруды өз университетімізден, өз қаламыздан бастауымыз керек. Сондықтан құрылатын коммерцияландыру орталығы ғылыми-зерттеу жобаларға тікелей қолдау көрсетіп, университетте әр сала бойынша деректер базасы құрылатын болады», – деді Жансейіт Түймебаев.

Университеттің механика-математика факультеті аудиторияларын, кафедраларын аралап, зертхана және ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс барысымен танысқан ректор ұстаздардың жұмысы мен оқу үрдісін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасалу қажет деп түйіндеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here