QazVac: Дерек пен дәйек

0
1869

– Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді. Вакцинаны тоңазытқышта +2 градустан +8 °С-қа дейінгі температурада сақтауға және тасымалдауға болады. Бұл вакцинаны өндіру мен сақтау үрдістерінің қарапайымдылығы қолданыстағы логистикалық жүйені пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан сияқты кең-байтақ аумақты қамтыған мемлекеттер үшін вакцинаны барлық өңірге жеткізуде өте қолайлы. Сондай-ақ, QazVac вакцинасымен қуаттылығы жоғары мұздатқыш камералары жоқ шалғай елді-мекендерде жұмыс істеуге болады. Яғни, қазақстандық вакцина тасымалдау кезінде өте тиімді. Ал, шетелдік препараттар болса, сақтау мен тасымалдауда төмен температураны қажет етеді.

– Қазақстандық инактивтендірілген вакцина толығымен вирионнан жасалған. Онда вирустың ішіндегі ақуыздардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, QazVac вакцинасы вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.

«Біз Алматы қаласындағы науқастардан патологиялық материалды алдық. Зерттеулерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханада жүргіземіз. Бүгінгі таңда ғалымдарымыз осы вирустың британдық және оңтүстік африкалық штамдарын бөліп шығарды. Патологиялық материал тек 19 наурызда алынды. Осы штамдардың генетикалық және биологиялық қасиеттері зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері болашақта технологиясы жетілдірілген вакциналарды дайындау барысында пайдаланылады. Бұл технология бір күннің ішінде жасалмайтынын атап өткен жөн. Зерттеу жұмыстары басталып, белсенді жүргізіліп жатыр. Қазақстандық вакцина тұтас вирустан жасалғанын түсіну керек. Онда вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алатын үлкен иммунитеттің пайда болуына сеп болатын вирус ақуыздарының толық жиынтығы бар», – деп түсіндіреді Күнсұлу Закария.

– QazVac вакцинасын өндіру үшін бірегей құрылғы қолданылуда. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария айтты.

«Көптеген елдерде вакцина бірінші және екінші фазадан кейін ғана пайдалануға беріледі. Қазақстанда вакцинаны терең әрі мұқият зерделеу үшін клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің жартысы қосылды. Назардағы басты мәселе – адамдардың денсаулығы. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде вакцинаның әсерін толығырақ зерттеу үшін осындай тактиканы қолдандық. Қазіргі уақытта вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында Білім және ғылым министрлігі сатып алған құрал-жабдықтармен өндіріліп жатыр. Бұл бірегей құрылғы. Егер мұндай құрылғы қолда болмағанда, біз бүгінгідей тамаша нәтиже көрсете алмас едік», – деді Күнсұлу Закарья.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here