Дания Қисағалиқызы: «Батыс Қазақстан облысында екпе егу қарқынды жүргізіліп жатыр»

0
1051

Орал қаласындағы № 6 емханасының жоғары санатты инфекционист-дәрігері Дания Қисағалиқызының айтуынша, екпенің басты міндеті әлемді алқымнан алған ауруға қарсы иммундық қуатты қалыптастыру және адамның өзге ағзаларын ауру салдарынан сақтау.

«Батыс Қазақстан облысында екпе егу қарқынды жүргізіліп жатыр. Барлық жылжымалы екпе бригадасына жиналған халықтың қарасы көп. Қазіргі уақытта вакцинаның төрт түріне де сұраныс жоғары. Төрт екпеде сұраныста болғанымен, халықтың көңілі ауып отырған Ресей елінен шыққан «Sputnik V» екпесін ерекше атап өтсем болады. Екпе салдырған адамдарда асқынулар болған жоқ. Бүгінгі таңда әрбір емханада 8-9 бригада жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігер вакцинатор, тіркеуші, медбике өз қызметтеріне сақадай сай қарап, екпе алған адамдарды үш күн бақылауға алады. Екпенің екі компонентін алғаннан кейін түзелген иммунитет адамдардың ағзасындағы ауруға қарсы тұру қабілетін күшейтеді», – деп пікір білдірді Дания Қисағалиқызы.

Индира БІРЖАНСАЛ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here