Павлодарда жалған вакцина паспорттарын жасаған медицина қызметкерлері ұсталды

0
802

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері облыс бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, паспорттарды қолдан жасады деген күдікпен Павлодар қаласы емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін анықтап, оларды ұстады. 

«Меңгеруші, жалпы практика дәрігері, сондай-ақ осы емхананың екі медбикесі белгілі бір ақша сомасына вакцинацияланғандардың деректер базасында жалған тіркеуді жүзеге асырды деп күдіктелуде. Тергеу барысында медицина қызметкерлері 200-ден астам жалған вакцинация паспорттарын жасағандығы анықталды», – деді Павлодар облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мән-жайлар анықталуда.

Павлодар облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here