Роман Рахиев: «Коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы – вакцина»

0
1260

Ақтөбе облыстық ардагер медицина қызметкерлері кеңесінің төрағасы Роман Рахиев те екпе жұмыстарына қатысты пікір білдірді.

«Медицина саласында 40 жылдан аса еңбек еткен маман ретінде айтарым, коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы – вакцина. Оған қосымша медициналық бетперде, санитарлық құралдарын да естен шығармау керек. Бұл бүгінгі күндегі әр адамның әдетіне айналған мәдениеттің, тазалықтың бір түрі ретінде қалыптасты. Коронавирус әр адамның денсаулығына зиян келтіретін ауру ғана емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне де айналды. Сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жиында коронавируспен күрестегі ең сенімді шешім вакцина екенін айтты. Айтылған сөздің жанды екенін өзімнің жеке тәжірибем бойынша білемін. Менің жасым 69-да, осы өмірімде 20-дан аса екпе салдырыппын. Оның ішінде туберкулез, қызылша, оба және басқа да жұқпалы індеттерден сақтауға арналған вакциналарды салдырғанмын. Ал, медицина күннен-күнге дамып келе жатыр. 2015 жылы зейнетке шығып, қоғамдық жұмыстарды атқарып жүрмін. Әрине, өмір болған соң өлім де болады. Пандемия басталғалы бері коронавируспен бетпе-бет күрескен 23 медицина қызметкері қайтыс болды. Бұл сынаққа бүкіл әлем бірінші рет тап болып отыр. Індет басталғалы бері біздің дәрігерлер қажетінше тәжірибе жинады. Қазір облыстық медициналық мекемелер қажетті құрылғылар мен дәрі-дәрмектермен қамтылған. Сондықтан аурудың алғашқы белгілерін байқасаңыздар, бірден дәрігерлердің көмегіне жүгініңіздер. Бұл туралы біз үнемі айтып жүрміз. Мен тұрғындармен онлайн кездесулерде Мемлекет басшысының дәйекті сөздерін қайталап айтып жүремін. Өткен жылғы маусымда Президентіміз былай деді: «Қазір той тойлайтын уақыт емес, «той тойға ұлассын» деген сөзді де айтатын уақыт емес. Өткен жаймашуақ ғасыр артта қалды, қазір індетпен күрес кезеңінде халқымызды сақтап қалуымыз керек, тойдың уақыты өтіп, білім, ақыл мен еңбектің уақыты келді». Президенттің айтқан сөзін қолдай келе, халқымыз шыдамдылық танытып, басымызға бәле болған аурудан арылудың жолын іздейік. Өзіңді және жақындарыңды сақта! Шектеу деген уақытша шара, адамдардың бақытты өмірі жалғасын табады. Алдағы өмірді қалай сүруіміз қазіргі әрекетімізге тікелей байланысты. Осыны естен шығармаңыздар», –  дейді ардагер дәрігер.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here