Болашақтың бастауы – цифрландыру

0
2577

Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Цифрлық Қазақстан» ауқымды бағдарламасы жарияланды. Бұл – егемен ел болған отыз жылдағы жеткен ауқымды жетістіктеріміздің бірі. Өйткені, цифрландыру Қазақстан үшін маңызды экономикалық секторды жетілдіруде серпінді даму үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, мұнай-газ саласы үшін Қазақстандағы ірі тау-кен өндіруші компанияларында зияткерлік мұнай кен орындары технологиясын енгізу қарастырылған. Деректерді талдаудың жаңа құралдарының пайда болуы және оларды тасымалдау жылдамдығын жоғарылату шешім қабылдау және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа технологиялар сапалы және толық ақпаратты ұсынуына байланысты барлау және өндіру шығындарын азайтуға жол ашады.

Мемлекетімізде ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық  көптеген бағдарламалардың сәтті орындалу аясында білім беру мен ғылыми жүйелердің сапасын арттыру мәселесі қашанда өзекті. Осыған орай, білім мен ғылым саласында жүзеге асырылып жатқан және болашағы зор барлық түрлендірулер мен шаралардың басты мақсаты – өз елімізді жоғары білімді, салауатты және прогресшіл ұлттық қоғам ретінде қалыптастыру.

Соңғы жылдары минералды-шикізаттық кешендерді өндіруге, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен машина жасауда және басты өндіріс салаларына заманауи әлемдік инновациялық технологияларды енгізу арқылы ғылыми-практикалық бағдарламалардың жүзеге асуы мен елімізді индустриалды-инновациялық дамытудың курсы анықталды. Осы бағыт арқасында ғылымның әртүрлі салаларындағы қолданбалы және іргелі зерттеулердің тиісті жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне, ғылыми-практикалық қордың дамуына ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда Қазақстандағы экономика мен өндіріс салаларында еліміздің технологиялары мен инновацияларын өз бетінше өңдеуге және бұл өңдеулерді республикамыздың жоғары сапалы білім жүйесі арқылы ғана жүзеге асыруға болатынына аса көңіл бөліп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы үдеріс, яғни көпжылдық дәстүрлер мен қызметкерлердің жоғары потенциалдарын сақтай отырып, соңғы жылдары университетте ұйымдастырушы-тәрбиелік және ғылыми-зерттеу мен білім беру үрдістерін сапалы өзгертуге бағытталған көптеген шаралар орындалды. Оқу үдерісі барысында басталған түбегейлi өзгерiстердің, яғни біздің оқу жоспарларымыздың әлемдiк деңгейдегі жетекші оқу орындарының академиялық бағдарламаларымен сәйкестендіруге мүмкiндiк беретiндей университеттiң барлық мамандықтарына арналған тәжірибелік оқу бағдарламалары құрастырылған. Сонымен қатар алға қойған мақсаттарға жетуді көздейтін жоспарларымызды анықтап, әлемдік білім кеңістігіне кіруді бір қадам болса да, жақындата түскен университетіміздің ғылыми және оқу-білімдік потенциалдары жоғары деңгейде.

Бүгінгі таңда заманауи цифрлық және коммуникациялық технологиялар қолданылмайтын адам қызметінің саласын елестету қиын. Біздің болашағымыз көбіне жаңа ақпараттық технологияларды құруға, цифрлық және коммуникациялық құралдарды үнемі дамытуға байланысты болатыны жасырын емес. Бұл өз кезегінде университеттердің компьютерлік және ақпараттық мамандықтары түлектерінің техникалық дайындық деңгейімен анықталады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да осындай профильді кафедраның болуы уақыт талабымен, цифрлық ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық салаларында үнемі өсіп келе жатқан әсері мен қолданылуымен және кадрларды даярлауды кеңейту қажеттілігімен түсіндірілді.

Информатика кафедрасы 2001 жылдың қараша айында университетіміздің құрметті профессорлары Ш.Смағұлов, Н.Данаев, Г.Балақаева, Т.Шмыгалева сияқты қызметкерлердің көмегімен құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Г.Балақаева (2001 жылдан 2006 жылға дейін) болды. Гүлнар Төлтайқызының басшылығымен «Информатика», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары және бағдарламалары құрылды. Кафедра түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етілуі өте жоғары деңгейде. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта көптеген алдыңғы қатарлы IT компанияларда, қаржылық ұйымдарда, мемлекеттік және академиялық құрылымдарында еңбек етіп жүр.

Информатика кафедрасы желілік және телекоммуникациялық технологиялар саласында Regional/Local Networking Academy Cisco мен біріге жұмыс істейді. Кафедраның бірнеше оқытушысы Cisco академиясының сертификатталған координаторлары. Информатика кафедрасы студенттерінің on-line режимінде Cisco Networking Academy халықаралық бағдарламасы бойынша білім және сертификат алу мүмкіндіктері бар.

Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми әзірлемелерін оқу үдерісіне белсенді енгізуде: бұл – жаңа дәрістер курстары мен инновациялық семинарлар, оқытудың әртүрлі технологиялары. Оқу үрдісінде студенттермен олардың мамандануын ескере отырып жұмыс істеудің жеке тәсіліне көп көңіл бөлінеді. Кафедрада заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған зертханалардың жақсы материалдық-техникалық базалары бар. Бакалавриат түлектері магистратурада және докторантурада білімін жалғастыруға мүмкіндік алады. Информатика кафедрасы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып информатика саласындағы философия докторларын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеді. 2008 жылы информатика саласының алғашқы PhD-лары дипломдарын алды. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы кафедра қазіргі заманғы ІТ бағыттары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлайды.

Кафедрада ғылыми және ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіледі. Оның бірі – «Информатиканың өзекті мәселелері» семинары. Онда оқытушылар, PhD-докторанттар мен магистранттардың объектілерге байланысты соңғы ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулерін талқылайды: бағдарланған, жүйелік және құрылымдық бағдарламалау, алгоритмдеу және деректерді құрылымдау, желілік технологиялар, параллель есептеу, компьютерлік жүйелердің сенімділігі мен ақауларға төзімділігі, нақты уақыт жүйелері, сонымен қатар Web-дизайн. Кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық және әдістемелік жұмыстарға қатысады. Конференциялар кафедраның студенттері мен докторанттарын тарта отырып, ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар жүргізеді.

Желілік және телекоммуникациялық технологиялар саласында Информатика кафедрасы Cisco аймақтық/жергілікті желілік академиясымен ынтымақтастық жасайды (кафедраның кейбір оқытушылары осы академияның сертификатталған оқытушылары). Информатика кафедрасының студенттері Cisco Networking Academy халықаралық бағдарламасы бойынша on-line режимінде оқудан өтіп, сертификат ала алады. Бүгінде кафедра студенттері университеттің шығармашылық және спорттық өміріне белсенді қатысады, бағдарламалау сайыстарынан жүлделі орындарға ие.

2003 жылдан бастап механика-математика факультеті негізінде Информатика кафедрасы бағдарламалау бойынша әлем командаларының Қазақстан командалары арасындағы ширек финалын өткізіп келеді. Қазақстан чемпионатына республиканың барлық жетекші университеттерінен жыл сайын 80-нен астам команда (240 адамнан астам) қатысады.

Кафедра информатика бағытында жыл сайын студенттер арасында бағдарламалау контекстерін өткізеді: MechMat Open, Inform, облыстық пәндік олимпиада. Сондай-ақ кафедраның шетелдердің жетекші университеттерімен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тығыз ғылыми байланысы бар екенін, соның арқасында шетелдік университеттердің жетекші ғалымдары оқу үдерісіне, ғылыми конференцияларға қатысады. Сонымен, Ньюкасл-Он-Тайн университетімен (Ұлыбритания), Политехника-де-Валенсия университетімен (Испания), Блекинге технологиялық институтымен (Швеция), Кинг колледжімен (Ұлыбритания), Вена техникалық университетімен (Австрия) ынтымақтастық туралы келісім нәтижесінде Информатика кафедрасы білім беру үдерісіне жаңа курстар енгізуге, қолданыстағы білім беру әдістерін жетілдіруге және білім беру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды тиімді тартуға бағытталған жобалар әзірлейді.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және атап айтқанда Информатика кафедрасы Tempus IV CANDI халықаралық жобасында «Электрондық оқыту және қайта даярлаудың құзыреттілігі мен инфрақұрылымын оқыту» бойынша жұмыс істеп жатыр. Жобаның басты мақсаты – электрондық оқыту және мамандарды қайта даярлау, инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ қолданыстағы курстар мен оқу бағдарламаларын электронды оқыту, қажетті дағдыларды дамыту.

ҚазҰУ-дың еуропалық серіктестері – қашықтан оқыту саласындағы көшбасшылар: Ашық университет (Ұлыбритания), Вена университеті, Вена техникалық университеті (Австрия), Мюнхен техникалық университеті (Германия). Осы жоба аясында ҚазҰУ-дың қашықтан оқыту ортасында келесі электронды курстар әзірленіп, енгізілді: «Информатика негіздері» Үргеніш мемлекеттік университетімен, «Алгоритмдер және мәліметтер құрылымы» бойынша Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетімен бірлесіп атқарылды. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстары жыл сайын бірқатар шетелдерде жарияланады.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кафедраның жоғары білікті оқытушылары болашақ мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл олардың кәсіби шеберліктерін әртүрлі салаларда қолдануға және кәсіби қызметінде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Информатика кафедрасы жұмыс істеген жылдары біздің республикамызда ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс ірі компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми, қаржылық, сақтандыру және білім беру мекемелерінің жетекшілері мен жетекші мамандары болған мамандар галактикасын шығарды. Уақыт өте келе Информатика кафедрасы ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік аспектілері бойынша күшейе түсті, ғылыми және білім беру қызметінде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Бүгінде бай тарихы бар Информатика кафедрасында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар бар: 105-тен астам штат бірлігі, оның ішінде алты ғылым докторы, 12 PhD докторы, 10 ғылым кандидаты, үш шетелдік профессор магистранттарымызға дәріс беруде. Кафедра оқытушылары, ғалымдары мен түлектері әлемдік ғылым мен техниканың дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Информатика кафедрасы болашаққа сеніммен қарайды және уақыттың соңғы тенденцияларына сәйкес, жаңа міндеттер бойынша жұмыс істеуге дайын.

Тиыштық ХАКІМОВА,
Зухра ӘБДІАХМЕТОВА,
Ақпараттық технологиялар факультеті
Информатика кафедрасының доценттері

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here