Қыздар университетінде Дүниежүзілік банк өкілімен кездесу өтті

0
1355

Пандемия кезіндегі оқытудың салдары қандай болмақ? Орталық Азиядағы білім беру мен ғылымды даму бағыттарында не нәрсеге басымдық берген дұрыс? Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауданың кездесуінде осы сауалдар жан-жақты талқыланды. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар басқосуда Университет пен Дүниежүзілік банк арасында өзара тиімді қарым-қатынасқа негізделген ынтымақтастықты арттырудың тетіктері назарға алынды.

Атап айтқанда, оқу орны алдағы уақытта халықаралық ұйыммен бірлесіп бірнеше жобаны жүзеге асыруға мүдделі. Бұл өз кезегінде педагогикалық мамандықта оқитын білім алушылардың уақыт сұранысына сай даярлауға жол ашатын болады.

Кездесу барысында Айша Вауда білім беру бойынша Дүниежүзілік банктің жүргізген зерттеулерімен бөлісті.

– COVID-19 пандемиясы кезінде білім саласы айтарлықтай зардап шекті. Осы тарапта жүргізілген зерттеу қорытындысына сүйенер болсақ, індеттің салдары 60-65 жылға созылуы мүмкін. Әлем бойынша 1,5 млрд оқушының білім алу үрдісіне зақым келді, – деп атап өтті Айша Вауда.

Маманның айтуынша, бүгінде Орталық Азия елдерінде адами капитал бойынша дағдарыс туындап отыр. Бұған пандемия кезіндегі білім беру процесінің әсері айтарлықтай ықпал еткен.

– Пандемияға дейін де Орталық Азия елдерінің студенттері орташа есеппен еуропалық студенттерден 1 жарым жылға қалып қойған еді. Аймақтағы көп білім алушылар функционалды сауаттылықтың ең төмен көрсеткішіне де жетпейді. Пандемияға дейін Орта Азия бойынша 10 оқушының 8-і функционалды сауатсыз болды, – деді Айша Вауда.

Кездесуде тараптар осы мәселені тиімді шешім табуының жолдарын қарастырып, алдағы уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here