Ерейментауда жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

0
217

Ерейментау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 кыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қашықтықтан аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Жыр додасында Ерейментау қаласынан, ауылдық жерлерден қалам тербеп жүрген 15 жас ақын бақ сынады. Бұл мүшәйраның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жергілікті жазба ақындар арасында өлең жазуға бейімі бар дарынды тұлғаларды анықтау, сонымен қатар, жас ақындардың шығармашылық дамуына жол ашу.

Көздегеніміз бүгінгі күні жүзеге асырылды деуге болады. Қазіргі таңда, Ерейментау қаласында, әр ауылда қанатын қомдап, биікке самғағысы келетін ақындар қатары көбейіп келеді.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты жас ақындар мүшәйрасының ережесі бойынша үміткерлер екі өлең ұсынды. Бірі тақырыпқа бағытталған, екіншісі еркін тақырыпта. Әдебиет пен мәдениеттің білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы сөз өнерін саралап, тиісті қорытынды шығарды. Жас ақындардың өлең құрылысы мен ұйқасына, мазмұнына, тіл тазалығына баса мән берілді.

Қазылар алқасыныңі шешімі бойынша жүлдегерлер келесідей анықталды: 1-ші орын – Еркіншілік ауылының жас ақыны Сәуренбек Мөлдір қанжығасына байлады, 2-ші орын – Ерейментау қаласының №1 негізгі мектебінің оқушысы Мәден Еркежан және 3-ші орынды Ажы ауылының жас ақыны Әшім Қарақат иеленді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here