73 жастағы қария өз веложорығын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады

0
967

Мерейлі мерекелердің құрметіне тарту ретінде Арал аудандық «Невада-Семей» қоғамдық ұйымының мүшесі, ардагер 73 жастағы Өтебалиев Серік Сәдуақасұлының бастамасымен, «Арал-Қызылорда» бағытында веложорық ұйымдастырып, бүгін салтанатты мәресіне жетті.

Аралдықтардың зор құрметімен өткен аптада бастау алған веложорық облыс орталығы Қызылорда қаласына дейінгі аралықты велосипедпен сәтті бағындырып өтті.

Еліміздің 30 жылдық мерейтойына барша аралдықтардың атынан тарту жасауды мақсат еткен Серік Сәдуақасұлы веложорық барысында көршілес Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарына арнайы ат басын бұрып, аудан орталықтарындағы тағзым алаңдарына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here